Рим Папасына қастандық жасаған Мехмед Әли Агджа кітап жазбақ

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Рим Папасы Иоанн Павел Екіншінің өміріне қастандық жасаған Мехмет Әли Агджа бүгін түрік түрмесінен бостандыққа шығады,

Рим Папасына  қастандық  жасаған Мехмед  Әли  Агджа   кітап  жазбақ

деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.

51 жастағы Агджа 2010 жылы түрмеден шыққаннан кейін Ватиканға аттанып, оның айтуынша, «сүйікті бауыры» - Рим папасының зиратында болып қайтпақ. 1981 жылы Ватикандағы Әулие Петр алаңында Иоанн Павел Екіншіге қастандық жасаған түріктің әсіреоңшыл «Көк бөрілер» тобының мүшесі Агджа итальян полициясының қолына түскен болатын. 19 жыл түрмеде отырған қылмыскерді 2000 жылы понтифик кешіріп, оның өтініші бойынша Италия президенті Карлдо Адзельо Чампи лаңкеске рақымшылық жасады және оны Түркияға берді. Ыстамбұлда Агджа 1979 жылы «Миллиет» газетінің бас редакторы демократ Абди Ипекчині өлтіргені үшін қамауға жабылып, сол жазаның мерзімі бүгін аяқталады.

Агджаның жақын келешекте өмірбаяндық кітап жазуға отыратыны және деректі фильм түсіруге атсалысатыны хабарланып отыр. Осы үшін оған 7 миллион доллар гонорар уәде берілген.

Агджа сондай-ақ, американдық жазушы Дэн Браунмен бірлесіп «Ватикан коды» деген кітап жазу, соның негізінде толықметражды кино түсіру ниетін мәлім етті.