Рим Папасына шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған әйел, оған жақындауды ғана ниет еткен

деп мәлім етті Ватиканның баспасөз қызметінің өкілі.
Ватиканда рождестволық мессаның алдында белгісіз біреу понтификке шабуыл жасаған. «РИА «Новости» агенттігінің айтуынша, оқиға, Бенедикт XVI Рим-католик шіркеуінің бас храмына кіріп келе жатқан кезде орын алған. Қызыл түсті киім киген белгісіз әйел, бірнәрселерді айқайлап, Рим Папасына жақындау үшін, қоршаудан секіріп өткен. Осы дүрбелеңде 82 жастағы понтифик аяғынан шалынып құлаған. Оған дереу орнынан тұруға көмектескен және понтифик еш кедергісіз әрі қарай соборға кірген.
Қазіргі уақытта әлгі әйел «ватикан жандармериясында отыр», деп хабарлайды баспасөз қызметінің өкілі.
Бұл оқиғаға қарамастан, рождестволық месса жоспарланғандай жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00-де басталды.
Ал оқиға кезінде понтификтің қасында болған 87 жастағы француз куриальдық кардиналы Роже Эчегарай қатты соққы алып, қазір ауруханада медициналық тексеруден өтуде.
Бүгін - Рождество мерекесі. Еуропаның көптеген елдерінде бұл мереке - нағыз отбасылық мейрам болып саналады.