Шоқан Уәлиханов туралы монография алғаш рет итальян тілінде жарық көрді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Италияға жұмыс сапары аясында «Шоқан Уалиханов және қазіргі Қазақстанның бастауы» атты монографияның таныстырылымы өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Римде Шоқан Уәлиханов туралы монография итальян тілінде жарық көрді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Белгілі ағартушының 190 жылдығына арналған бұл кітап алғаш рет итальян тілінде жарық көрді. Аида Балаева ұлы ғалым, ағартушы әрі саяхатшыға арналған еңбектің жарық көруімен барша зерттеушілерді құттықтады. Министрдің айтуынша, Шоқан Уәлихановтың мұрасын итальян оқырмандарына таныстыру – Қазақстан мен Италия арасындағы рухани байланысты тереңдететін маңызды қадам.

Римде Шоқан Уәлиханов туралы монография итальян тілінде жарық көрді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
– Шоқан Уәлиханов – Ұлы Даланың ғана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға. Оның зерттеулері халықаралық ғылыми қауымдастыққа Орталық Азия халықтарының бай мәдениеті мен өркениетін, сондай-ақ қазақ халқының рухани мұрасын кеңінен танытты. Оның еңбектерінің итальян тілінде жарық көруі – білім мен ғылым арқылы екі елдің жақындасуының жарқын үлгісі. Бұл кітап италиялық оқырмандарға қазақтың тарихын, мәдениетін және ой әлемін жақынырақ тануға мүмкіндік береді, – деді Аида Балаева.
Римде Шоқан Уәлиханов туралы монография итальян тілінде жарық көрді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Министр сондай-ақ екі елдің ғалымдарына, зерттеушілеріне, аудармашылары шынайы алғыс білдірді. Ол бұл кездесу Қазақстан мен Италия арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтып, жас ғалымдар мен зерттеушілерді жаңа ізденістерге жетелейтініне сенім білдірді. Шоқан Уәлихановтың өмірбаянын итальян профессоры Федерико Пасторе жазған. Ол ұзақ жылдар бойы ғалымның өмірі мен қызметіне қатысты қазақстандық дереккөздерді зерттеген. Сондай-ақ монографияда Ш.Уәлиханов өмірінде кездескен белгілі қазақ қайраткерлеріне арналған ауқымды бөлім бар. 

Римде Шоқан Уәлиханов туралы монография итальян тілінде жарық көрді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Кітап Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен, Sandro Teti Editore баспасынан, қазақстандық «Каспий Нефть» АҚ мен Doscar Foundation Charity Fund корпоративтік қорының демеушілігімен жарық көрді. Зерттеу сонымен қатар ағылшын тілінде де қолжетімді.

Римде Шоқан Уәлиханов туралы монография итальян тілінде жарық көрді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Римде Шоқан Уәлиханов туралы монография итальян тілінде жарық көрді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Еске сала кетейік, бұған дейін Шоқан Уәлиханов шығармалары тұңғыш рет ағылшын тілінде жарық көрген болатын.

Ал тамыз айында Бішкекте Шоқан Уәлиханов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Соңғы жаңалықтар