08:07, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Рио-де-Жанейрода 200 адам лай көшкінінің астында қалды
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода жаңа лай көшкіні болды. 200-ден астам адам лайдың астында тірідей көміліп қалды. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетіп отыр,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Лай көшкіні қаланың Нитерои ауданында орын алды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. 60-тай үй қирап қалды.
Естеріңізге сала кетейік, Рио-де-Жанейрода бірнеше күн бойы толассыз нөсер салдарынан орын алған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан осыдан бірнеше күн бұрын 150-дей адам қаза болған еді.