Рио-де-Жанейрода алып жасанды сарқырама жасайды

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро өкімет орындары 2016 жылғы Олимпиадаға орай биіктігі 345 фут (105 метр) болатын сарқырама салатын болады,
None
None

деп хабарлайды, Лента ру агенттігі.

Қолдан жасалған сарқырама Олимпиада қалашығын жарықпен қамтамасыз ететін энергетикалық комплекстің бір бөлігі болмақ.

Кішігірім аралда Solar City (Шуақты қала) атты мұнара бой көтеретін болады. Бұл жерге күн батареялары орналасады, олар қабылдаған энергияны жүз метр биіктікте орналасқан резервуарларға су жинау үшін қолданады. Түнгі уақытта жиналған суды ағызады, аққан судың энергиясы Олимпиада қалашығын түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз ететін болады.

Мұнара басында шолу алаңы және мейрамхана мен базарлық дүкендері орналасатын болады. Рио-де-Жанейро келесі Олимпиадалық ойындар астанасы болып 2009 жылдың қазан айында таңдалған. Ол Олимпиадалық ойындарды қабылдайтын алғашқы оңтүстік американдық қала болмақ.

ҚазАқпарат

-0-С.А.

С.А.

Соңғы жаңалықтар