Рио-де-Жанейрода карнавал жеңімпазы анықталды
АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода ақпанның 17-сінде Бразилияның осы қаласында жыл сайын өтетін карнавалдың жеңімпазы атанған үздік самбы мектебі жарияланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
«Унидус-да-Тижука» (Unidos da Tijuca) самбы мектебі - Бразилиядағы ең байырғы мектептердің бірі - 2010 жылғы карнавалдың жеңімпазы атанды.
«Унидус-да-Тижука» жұртшылықтың және қазылардың назарына адамзат тарихындағы құпия және жұмбақ оқиғалар туралы «Тылсым» деген атаумен ерекше бағдарламаны ұсынды. Бағдарлама барысында бишілер сиқыршы-алхимиктерді, 1920-сыншы жылдардағы американдық гангстерлерді, Бэтмен комикстерінің кейіпкерлерін және марқұм «поп-музыка королі» Майкл Джексонды бейнеледі. Өз өнерлерін көрсету кезінде мектеп мүшелері Троянь аты, Александрия кітапханасы және Семирамида аспалы бағы, Сүлеймен патша және Атлантида туралы «әңгімеледі».