Рио-Де-Жанейрода кокостарды сатуға тыйым салынды

АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - Рио-Де-Жанейро үкіметі Әлем чемпионаты-2014 және Олимпиада-2016 ойындары алдында қаланы «тазарту» жөніндегі науқан аясында көшелерде кокостарды сатуға тыйым салды,

Рио-Де-Жанейрода кокостарды сатуға тыйым салынды

деп хабарлайды ҚазАқпарат АFР сайтына сілтеме жасап.

Тыйым желтоқсанның 1-інде күшіне енеді.

Шенеуніктердің пікірінше, кокостар қаланы ластайды - күн сайын кешке көшелер мен жағажайларда 30 тоннаға жуық қалдықтар жиналады, олар өз кезегінде кеміргіштердің көбеюіне ықпал етіп отыр. Бірінші кезекте, әрине - егеуқұйрықтар.