Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық стадион қарыздарының салдарынан жарықсыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейродағы Нилтон Сантос атындағы Олимпиадалық стадион дүйсенбі күні 250 мың доллар көлеміндегі қарыздары үшін жарықсыз қалды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
None
None

Қала мэриясы борышкер «Ботафаго» футбол клубы екенін мәлімдеді. Ал клубтың баспасөз қызметі төлеуге жапуапты тарап қала билігі деп санайды. 2016 жылы стадионда жазғы Олимпиада ойындары аясында жеңіл атлетикадан жарыстар өтуі тиіс. Ол 2007 жылы Панамерикандық ойындар өткізу үшін ашылған болатын, деп хабарлады ТАСС.

Соңғы жаңалықтар