Риодағы допингке қарсы зертхана жұмысы кем дегенде 6 айға тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейродағы допингке қарсы зертхана жұмысы кем дегенде 6 айға тоқтатылды, делінген Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік таратқан мәлімдемеде, деп хабарлады rsport.ru.
None
None

Жарысқа қатысу құқығынан айыру 22 маусымда күшіне енді. Зертхана тиісті хабарлама алды. Ол 21 күннің ішінде Спорттық төрелік сотында шешімге шағымдана алады. Шешім хабарлаған сәттен бастап алты ай күшінде болады. Уақытша шеттету зертхана үшін халықаралық стандарт бойынша тәртіптік кеңес әзірлейтін ұсынымдар негізінде Рио-де-Жанейродағы зертхананы ықтимал тоқтату немесе акредиттеуді жою бойынша WADA атқарушы комитеті төрағасының  немесе WADA атқарушы комитетінің шешіміне дейін күшінде қалады.

Үлгілер шешім қабылдағаннан кейін 14 күнтізбелік күннен кешіктірмей, WADA-ның басқа акредиттелген зертханасына жеткізілуі тиіс. Таяу уақытта тәртіптік комитет құрылады. Ол зертхана мәртебесі бойынша ұсынымдар береді.

 

Соңғы жаңалықтар