08:33, 13 Шілде 2025 | GMT +5
Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Жалпы жылдамдық бағдарламасы бойынша Қазақстан атынан сегіз спортшы сынға түсті. Жарыстың негізгі бөліміне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов шықты. Ришат финалға дейін жетіп, АҚШ спортшысы Самуэль Уотсонға жол берді.
Осылайша күміс медальға ие болды. Қола жүлде тағы бір америкалық спортшы Зак Хаммерге бұйырды. Ал Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде екінші орынды иеленді.
Дегенмен жарыстың негізгі бөлімінде ширек финалға дейін жетіп, испаниялық Эрик Ноя Кардонаға есе жіберді.