Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ришат Хайбуллин Алматыда өткен Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті.

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз «жылдамдық» санатында үздік атанды. 

Финалда Хайбуллин жапониялық спортшы Цукики Онишиден басым түсті. Үшінші орынға Ре Омаса (Жапония) ие болды.

Әйелдер арасында Анна Баларшина мәреге бірінші болып жетті. Ол финалда отандасы Тамара Ұлжабаеваны қапы қалдырды. Үздік үштікті қазақстандық Аделия Өтешева түйіндеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Азия чемпионатында стенд атудан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алтын алғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар