Роботтар «Фукусима-1» стансасын зерттеуге кірісті

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Жапондық мамандар «Фукусима-1» атом-электр стансасындағы апаттың салдарын жою барысында роботтардың көмегіне жүгініп отыр, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Роботтар  «Фукусима-1» стансасын  зерттеуге кірісті

Шынжыр табанды құлтемірлер стансаның бірінші және үшінші реакторларынан радиациялық сынамалар алды. Радиомен басқарылатын роботтар апатқа ұшыраған энергоблоктарға жексенбі, 17 сәуір күні алғаш рет кірді. Атап айтқанда, олар №1 және №3 реакторлардың бірінші қабаттарында болып, радиацияның мөлшерін өлшеді. Бірінші реактордағы радиациялық фон 10- 49 миллизиверт/сағатты құраса, үшінші блоктағы радиациялық көрсеткіш- 28-57 миллизиверт/сағатты құраған.