Роджер Федерер Уимблдонның сегізінші мәрте чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық Роджер Федерер Уимблдонның сегізінші мәрте чемпионы атанды, деп хабарлайды Eurosport.
None
None

Теннистен «Уимблдон» жарысының ерлер арасындағы ақтық сыны мәреге жетті. Финалдық кездесуде швейцариялық Роджер Федерер мен хорватиялық Марин Чилич кездескен болатын. Онда атақты Роджер Федерер қарсыласына еш мүмкіндік бермей, үш сетте ойсырата ұтты. Үш сеттық ойынның қорытынды есебі 6:3, 6:1, 6:4.

Айта кетейік, Роджер Федерер бұған дейін «Уимблдон» турнирін жеті рет бағындырған болатын.

Соңғы жаңалықтар