Ролан Гаррос турнирі: Анна Данилина камбэкпен жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге бастапқы кездесуін Польша өкілі Магда Линетт — америкалық Бернарда Перамен өткізді.
Бірінші партияда тай-брейкте Линетт — Пераның асығы алшысынан түсті — 7:6 (7:3).
Бұдан кейін қазақстандық-сербиялық ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай алды — 6:1, 6:4.
Екі сағат 26 минутқа созылған тартысты бәсекеде Данилина — Крунич 1 эйске қоса 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Линетт — Пера 4 эйс, 3 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті.
Анна Данилина — Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін белгілі болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Ролан Гаррос турнирінің келесі айналымына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Ролан Гаррос турнирінде Александр Бублик алғашқы қарсыласынан айласын асырды.