Ролан Гарростағы сенсация: Әмір Омарханов жарыстың 3-ракеткасын ұтып, жартылай финалға өтті

ПАРИЖ. KAZINFORM - Қазақстандық Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына өтті.

Амир Омарханов
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге ширек финалда осы жарыстың 3-ракеткалары, франциялық Томас Форел - румыниялық Лука Предамен сынға түсті.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде франциялық-румыниялық дуэт қарымта қайырды - 6:4. Дегенмен супер тай-брейкте Әмір мен Тимофей жеңісті жұлып алды - 12:10. Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында олар 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Франциялық-румыниялық жұп 3 эйс, 4 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Әмір Омарханов - Тимофей Дерепасконың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Ұлыбританияда Астана турнирінің финалисін ұтқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар