Роман Скляр Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Роман Васильевич Скляр Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Роман Васильевич Скляр 1971 жылы Павлодар қаласында туған. Мәскеу қаласының заманауи бизнес институтын және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын экономист және юриспруденция бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
1989-1990 жылдар аралығында «Экибастузуглеавтоматика» құрастыру- баптау басқармасында «Казпромтехмонтаж» өндірістік-құрастыру басқармасы слесарь-құрастырушы болып, Екібастұз кеніш құрылысы басқармасының құрастырушысы болып еңбек етті.
1990 жылдан бастап 2002 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2002 - 2003 жылдар арылығында ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы бөлімінің бастығы.
2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін Павлодар қаласының мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы, Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.
2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін әкім аппаратының басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды.
2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін - Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту меңгерушісі.
2007 жылдан 2008 жылға дейін - Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры қызметінде болды.
2008 жылғы 16 қазаннан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.