17:35, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Роналду Еуро-2016 «Күміс бутсаны» командадағы жолдасына сыйлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалия құрамасының капитаны үш гол салғаны үшін және үш нәтижелі пас шығарғаны үшін «Күміс бутса» сыйлығымен марапатталды, деп жазады life.ru.
Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының үздік ойыншыларының бірі ретінде өзіне берілген «Күміс бутсадан» бас тартып, командалас жолдасына сыйлады. Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Нани Роналдудан мұндай сый күтпесе керек. Дереу Instagram әлеуметтік желісіне сыйлық фотосын салып, оқырмандарымен бөлісуді жөн санапты:
- Сен жай капитан емессің, сен чемпионсың! Сыйлық үшін рахмет! Алға, Португалия, біз чемпионбыз!- деп жазған Нани.