08:19, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Роналду мен «Реалдың» бас бапкері арасында келіспеушілік бар ма?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Роналдумен арамызда ешбір түйткіл жоқ. Таяуда Рафаэль Бенитес футболшы Криштиану Роналдумен қарым-қатынасы туралы осылай деді.

Испаниядағы AS атты беделді спорт басылымына берген сұхбатында Бенитес былай деп мәлімдеген: «Барлығымыз жиналып, жіберілген қателіктерімізді ортаға салып сараладық. Меніңше, барлығы жақсы болады. Біздің командамыз ауызбіршілігін сақтайды. Ал Криштиану Роналду - «Реал» үшін негізгі, ойыны өрнекті футболшы. Және ол екеуіміздің арамызда ешбір түйткіл жоқ».
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін түрлі БАҚ португалиялық футболшының бас бапкердің жұмыстан кетуін талап еткені туралы жазған еді, деп жазады 24.kz .