Роналду Палестинада жыл адамы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Палестинада жыл адамы атанды, деп хабарлайды sport-express.ru.
None
None

«Жүлдені Роналду «спорттық және адамгершілік қасиеттері үшін» алды», - делінген хабарда.

Шара ұйымдастырушысы Халид Шуман ойыншының наурыз айында бомбалау салдарынан жетім қалған бес жасар баламен кездескенін еске салды.

Тамыз айында Роналду Израильдің премьер-министрімен кездесіп, әскери шиеленісте Палестинаны қолдайтынын мәлімдеді, Израиль құрамасымен матчта қарсыластарымен жейде ауыстырудан бас тартты.

Одан бөлек, футболшы «Алтын бутса» бәссаудасынан түскен $1,5 млн  палестиналық балаларға аударған болатын. 

Соңғы жаңалықтар