«Ростсельмаштың» жаңартылған комбайны ШҚО шаруалары арасында кеңінен танылып келеді

Екеуін де Глубоковский ауданындағы «Бiрлiк» шаруа қожалығы сатып алды. Бұл шаруашылықта ресейлік өндірушілер ШҚО-ның өзге шаруа қожалықтары иелеріне жаңа техниканы көрсетті.
Ресейлік компанияның менеджері Анастасия Щурованың айтуынша, шараны Қазақстандағы Ростсельмаш өкілдігі аймақтық серіктестерінің қолдауымен өткізіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен қазақстандық ауыл шаруашылығы басқармасының 30-дан астам басшысын жиды.
Фермерлер жаңартылған ауыл шаруашылық техникасының мүмкіндігімен, оның артықшылығымен танысып, өндіруші мамандардан кеңес алды. Олар ACROS 585 иелерінің тәжірибесін байқады. «Бiрлiк» шаруа қожалығының басшысы Федор Куксгаустың айтуынша, комбайн аймақта үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін. Машиналар жоғары өнімділік пен шапшаңдығын көрсетті. Қазір екі комбайнды қарақұмық пен күнбағысты жинауға дайындап жатыр.
«Ростсельмаш техникасын жақсы білемін. Жаңартылған комбайндарын сатып алғаныма ризамын», - деді қазақстандық фермер.
Глубоковский ауданында қазақстандық NIVA-Effectu VECTOR комбайндары, Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп шығарған ауыл шаруашылық техникалары көрсетілді.
Компания мамандары көрсетілген модельдердің артықшылықтарын айтты.