Роулинг ең қымбат жазушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналының нұсқасы бойынша Гарри Поттер жайлы кітаптардың авторы Джоан Роулинг қымбат жазушылар тізімінің көшін бастады, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Рейтинг 2017 жылдың қорытындысы бойынша жарияланды.

Журнал таратқан мәліметтерге қарағанда, Роулинг 2016 жылдың  маусым айынан бастап 95 млн доллар табыс тауып, өткен жылы осы рейтингтің басында тұрған Джеймс Паттерсонды басып озды.

Айта кетейік, Роулингтің жас сиқыршы туралы алғашқы романы 1997 жылы жарық көрген болатын. Одан кейін тағы 6 кітап шығарды. Ол 1999 жылдан бері аталған журналдың қымбат жазушылар рейтингісінің көшін үш рет бастаған болатын.

Соңғы жаңалықтар