Рой Джонс Головкиннің кезекті қарсыласы туралы пікірін айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Даңқты боксшы кіші Рой Джонс Геннадий Головкинмен қолғап түйістіруге дайындалып жатқан Дэниел Джейкобстың мүмкіндігі аз екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«АҚШ-та маған күші тең келетін боксшыны білмеймін. Ал әлемде маған салмақты қарсылас бола алатын екеуі бар. Маған Головкинмен шығу қиындау болады деп ойлаймын», - деді Рой Джонс Алматыдағы баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол Головкин мен Джейкобстың алдағы жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты.

«Оның Головкинмен шаршы алаңға шығатындай күші бар деп айта алмаймын. Головкин дегенің супер күш қой. Сондықтан, онымен жұдырық түйістіру үшін әбден жаттыққан болу керек», - деді ол.

Еске сала кетейік, 18 наурызда Нью-Йоркте «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында Головкиннің кезекті жекпе-жегі өтеді. Оның көрсетілімін HBO (ppv) арнасы жасайды. Билет құны  100 доллар мен 1000 доллар аралығында сатылады. 

Соңғы жаңалықтар