Роза Отынбаева президенттігін аяқтай отырып, өзінің қорын құрмақ

None
None
ШКЕК. 30 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Сейбенбі күні Бішкекте Қырғызстан президенті Роза Отынбаева өзінің президенттігі қорытындыларына арналған брифинг өткізді.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар президенттің мемлекеттік резиденциясына жиналды. Журналистердң сұрақтарына жауап қайтара отырып, Роза Отынбаева ел дамуындағы күрделі және шиеленісті кезең артта қалғанын атап өтті.

«Біз тарихи кезеңде өмір сүріп отырмыз. Бұл кезеңде көп нәрсе істелді, біздің атқарған істерімізге тарих өзінің бағасын береді. Бүлінген қалалардың инфрақұрылымдары мен үйлерді қалпына келтірумен қатар адамдар арасындағы қатынастарды да жаңғыртуды қоса алғанда, жағдайды тұрақтандыру жөнінде көп жұмыс жасалды. Біз адамдармен кездесіп, олардың бейбіт өмірге оралып, жұмыс жасауды жалғастыруы, балаларын өсіріп-өндіруі қажеттігі жөнінде көп айттық», - деді Роза Отынбаева.

Репортерлердің қандай өкініші бар екендігі туралы сұрағына Р.Отынбаева «Сот реформасын ілгері жылжыта алмағаныма өкінемін. Бірақ ол менің кінәмнан болған жоқ. Бүгінде Жогорку Кенеш сот реформасына қатысты заңдар бумасына тиісті өзгертулерді қолға алуы тиіс», - деді.

Өзінің бұдан былайғы қызметі жайлы Р.Отынбаева саяси партия құрмайтынын, өзінің қолынан келетін жұмысты атқарып, елдің одан әрі дамуына барынша көмектесетінін атты.

«Мен білім, мәдениет, әлеуметтік салаларда біраз жұмыс істей алар едім. Осы мақсатты арнайы қор құрып, елдің, оның мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қоспақпын», - деген жоспарларымен бөлісті.

1 желтоқсанда Біщкекте Қырғызстанның жаңа президенті Алмазбек Атамбаевты ұлықтау салтанаты өтеді. Бұл Қырғызстанның қазіргі тарихындағы өкімет билігін бейбіт жолмен берудің алғашқы оқиғасы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram