Роза Отынбаеваға Қырғызстанның өтпелі кезеңдегі президенті өкілеттігі берілді

БІШКЕК. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қырғызстанның уақытша үкіметі кеше, сәрсенбі күні Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі президенті туралы декрет қабылдады, оған сәйкес мемлекет басшысының өкілеттігі уақытша үкіметтің төрайымы Роза Отынбаеваға жүктелді. Өтпелі кезеңдегі президенттің өкілеттілігінің мерзімі 2011 жылдың желтоқсан айының 31-іне дейін белгіленіп отыр.

Роза Отынбаеваға    Қырғызстанның  өтпелі кезеңдегі    президенті  өкілеттігі   берілді

Декретке сәйкес, өтпелі кезеңнің президенті өз өкілеттігін жаңа конституция бойынша сайланатын Жогорку Кенештің бірінші отырысына дейін атқаратын болады. Президент өз өкілеттігін әзірге 2007 жылдың қазан айының 23-інде қабылданған негізгі заң бойынша атқара тұрады да, ал Жогорку Кенештің бірінші отырысынан кейін ол өз өкілеттігін жаңа конституция бойынша атқарады.

Роза Отынбаева сондай-ақ, жаңа үкімет құрылғанға дейін Қырғыз Республикасының премьер-министрі өкілеттігін де атқара тұрады.

Оған қоса декретте, ел президентінің өтпелі кезеңде ешқандай саяси партияда болмауы және кезекті президенттік сайлауға қатыспауы қарастырылып отыр.

Жаңа конституцияны маусымның 27-сінде жалпыхалықтың референдумға шығару жоспарланып отыр.