Рудный қаласы әкімінің орынбасары пара алу кезінде ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаменті Рудный қаласы әкімінің орынбасарын 15 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұстады.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақшалай қаражатты «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында құбыр тарту жұмыстарын жүргізу кезінде жалпы жақтаушылық жасауы үшін «Өркен» ЖШС мердігер ұйымының директоры У.Мүсірәлиев берген», - делінген хабарламада.
12 мамыр күні М.Досполов пен У.Мүсірәлиев Рудный қалалық ІІБ уақытша қамау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргзіліп жатыр.