12:26, 13 Наурыз 2014 | GMT +5
Рудный қаласында Ішкі істер басқармасының аға инспекторы пара алу үстінде әшкереленді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Рудный қаласының ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің мемлекеттік аға автоинспекторын пара алу кезінде ұстады. Бұл туралы қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, күдікті ер адамнан 100 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы талап еткен. Осы сома үшін көлік инспекторы заң бұзушыны жол-көлік оқиғасына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатуға көмектеспек болған.
Қылмыс аталмыш қызметкердің жұмыс орнында қаражатты алуы кезінде ашылды. Ұсталғаннан кейін ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, тергеу шараларын жүргізуге көмектесті.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 311-баптың 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды және ол сотқа дейінгі тәртіпте аяқталды.
Іс одан ары сотқа бағыттау үшін прокуратураға тапсырылды.