Рудный тұрғыны лаңкестікті насихаттағаны үшін 6 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 256 бабы бойынша байыпталған (лаңкестікті насихаттау) Рудный қаласының тұрғыны Болат Сатқанғұловқа қатысты сот үкімі шықты.

Рудный тұрғыны лаңкестікті насихаттағаны үшін 6 жылға сотталды

Облыстық соттың баспасө қызметінің хабарлауынша, 2015 жылдың басында сотталушы лаңкестік сипаттағы идеяларды ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалану арқылы таратқан. Сот Болат Сатқанғұловты кінәлі деп танып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.