Рудный тұрғынынан синтетикалық есірткінің үлкен партиясы тәркіленді

None
Кадр из видео/t.me/POLICE_of_KZ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 32 жастағы азаматтан 12 түйіншек есірткі табылды, деп хабарлайды polisia.kz.

Әрі қарай Рудный қаласының саябақ аймағында ұсталған адам жасаған «жасырын орындар» табылды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ас үй шкафынан есірткі заты салынған тағы 70 пакет табылып, тәркіленді.
Табылған синтетиканың жалпы салмағы 30 гр.
Қазір ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар