Рудный жылу электр орталығындағы жарылыстың себебі анықталуда
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйдың жылу электр орталығындағы бу қазандығының жарылу салдарынан екі адам қаза тауып, қайғылы оқиғаның себебі анықталуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Бу құбырының дроссельді қақпақшасыз ұзақ уақыт жұмыс жасауы тарату-редукциялық салқындатқыш құрылғының барлық ішкі элементтерінің, сонымен қатар №3 дроссельді тор дискісінің төменгі бөлігінің және шектеуші тордың тіректік шығыршағының тозуы салдарынан болған», деп мәлімдеді Индустриалық даму мен өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облыстық департаменті басшысының орынбасары Елена Мартыненко.
Жоғары қысымды бу құбырдың ішкі қабырғасына қысым жасап, оны бөліп жіберген.
Мартыненконың айтуынша, оқиғаны тексеру жұмыстары әлі аяқталмаған.