Рудныйлық ауызында героин жасырмақшы болған...
ҚОСТАНАЙ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Рудныйда есірткі сатуда күдіктіні ұстау кезінде полицейлер бір мәселеге тап болды. Күдікті аузын ашудан бас тартқан. Полицейлер әрекет етіп, оны тексерістен өтуге мәжбүрлеген.
Анықталғандай, күдіктінің аузында 28 грамм салмақ дәрежесінде орамаға салынған героинді тапты. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 49 жастағы ер адам қамауға алынды.
Сондай-ақ Рудный қаласында 3 грамм героинмен 51 жастағы ер адам ұсталды. Есірткі қызметтік иттің көмегімен табылды.
Қостанайдың Затобол кентінде героин салынған алты орамамен 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Олардың жалпы салмағы 1,27 граммды құрады. Ол қамауға алынды, қылмыстық іс қозғалды.
Қостанай облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, ағымдағы жылдың 20 күнінде есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 16 есірткі қылмысын анықтады. Оның 8-і есірткі сатуға байланысты. Тәркіленген есірткі заттардың жалпы салмағы 60 грамды құрады. Бұның барлығы - героин.