Рухани мұрамыздағы қолды болған дүниелерді жинап, халқына, ұрпақтарына қайтаратын кез келді - Әбсаттар Дербісәлі

«Қазақ елі рухани мұраға бай ел. Тек біз оларды білмей келдік. Мәселен, 1985 жылы көршілес мемлекетттердің бірінде халықаралық конференция болды. Олар бір қолжазбаны Парижде алтын медаль алған деп көрсетті. Қарасам, «бұл қолжазба Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян деген ауылынан сатып алынды» деген жазу тұр. Бізде осылай көп дүниелер кезінде қолды болып, жан-жаққа тарап кеткен. Каирдің қолжазба қорының да Сығанақи бабамыздың бірнеше қолжазбаларын сыйға тартқанын білемін. Осындай жан-жаққа тарап кеткен дүниелерді жинайтын, халқына, ұрпақтарына қайтаратын кез келді», - дейді Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар Дербісәлі. Ғалымның айтуынша, бүгін ол бір аспирантына ғылыми рецензия жазып берген көрінеді. Диссертация 12-ші ғасырда өмір сүрген Аралдың бойынан шыққан Әбсаттар Кердері деген адамның шығармашылығының қолжазбалары бойынша зерттеп, жазылған. Сол сияқты Алматыдағы Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің ғалымдары араб деректеріндегі Қазақстан тарихы бағдарламасы бойынша тарихымызға, мәдени, рухани мұрамызға қатысты дүниелерді жинап, қор жинап жатқан көрінеді. Бұл халқымыздың бай мәдени мұрасын жинап, ғылыми айналымға түсірудегі ізгі істердің бір бөлігі болмақ.