Руханилықтың алтын тамыры - «Алтын тамыр» журналы

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Марат Манаспаев/ - Елордалық «Фолиант» баспасынан қазақ тіліндегі жаңа әдеби-көркем «Алтын тамыр» қоғамдық журналының екінші нөмірі жарық көрді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа басылымның алғашқы, ілкі нөмірі өткен жылдың аяғында жарық көрген болатын. Басылым беттерінде әдебиеттің негізгі жанрлары - көркем проза мен поэзияға мол орын берілетін болады. Оқырмандар журнал бетінен көптеген қызықты мәліметтерді таба алады, жаңа тұлғаларды және қазақ халқының тарихы үшін беймәлім болып келген парақтарды ашады. Жаңа басылым Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген, оның құрылтайшысы «Еуразия» руханият мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігі. Журналдың бас редакторы Несіпбек Айтұлының айтуынша, екі айда бір шығатын басылымның таралымы мың дана. Айта кететін жайт, басылымның ақылмандар алқасына Қадыр Мырза-әлі, Еркеғали Рахмадиев, Нұрлан Оразалин, Рымғали Нұрғали, Ақселеу Сейдімбек, Әкім Тарази, Талғат Теменов, Досхан Жолжақсынов және т.б. кіреді.
Соңғы жаңалықтар