Рұқсат етілмеген жерде шомылған ер адам суға кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Шығыс қазақстан облысындағы Бұқтарма су қоймасында «Көгілдір шығанақ» демалыс базасында кеше, сенбі күні рұқсат етілмеген жерде шомылған 50 жастағы ер адам суға кетті,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Оның мәйітін Шығыс Қазақстан облыстық судан-құтқару қызметі (екі адам бір техника) алып шықты. Бұдан басқа БҚО-дағы Шаған өзенінде кеше кешқұрым 33 жастағы азамат суға ағып кетті. Оның мүрдесін Батыс Қазақстан облыстық ТЖД судан құтару қызметі (4 адам және 1 техника) жағаға шығарды.