Румыния президенті Клаус Йоханнис отставкаға кететінін жариялады
АСТАНА. KAZINFORM — Румыния президенті Клаус Йоханнис отставкаға кету туралы шешімін жариялады. Саясаткер қызметінен 12 ақпанда кететінін нақтылады, деп хабарлайды Еuronews.

Бұл мәлімдеме оппозициялық партиялардың мемлекет басшысына импичмент жариялау бойынша парламентте дауыс беруді сұрау ниеті аясында жасалды.
— Румынияны осы дағдарыстан құтқару үшін мен Румыния президенті қызметінен кетемін, — деді Йоханнис.
Клаус Иоханнис 2014 жылдан бері елді басқарып келеді. Өткен жылғы қарашада Румынияда президенттік сайлаудың бірінші кезеңі өтіп, оны әсіре оңшыл кандидат Кэлин Джорджеску жеңген.
Румынияның Конституциялық соты сайлау қорытындысын жойды.
Содан кейін Румынияның Жоғарғы соты өкілеттік мерзімі 21 желтоқсанда аяқталған Йоханнистің жаңа президент сайланғанша қызметінде қалуы керек деп шешті.
Конституцияға сәйкес, мемлекет басшысы отставкаға кеткен жағдайда жаңа президент сайлауы үш айдың ішінде өтуі тиіс.
Осыған дейін Румынияда президент сайлауының өткізілмеуіне қарсы наразылық акциясы өткенін жазған едік.