Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Румынияда ауа райына байланысты жоғары қауіп деңгейі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Румынияда аптап ыстыққа байланысты бүкіл ел бойынша қауіптіліктің ең жоғары қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Anadolu

Румынияда ауа райына байланысты жоғары қауіп деңгейі жарияланды
Фото: Xinhua

Румынияның Ұлттық метеорологиялық қызметі температураның 38-40 градус деңгейінде сақталатынын ескертті. 

Ведомство аптап ыстық тағы бірнеше күн бойы сақталатынын, бұл ретте тамыз айында рекордтық температура болуы мүмкін екенін атап өтті.

Румынияның қорғаныс министрі Раду-Динел Мируцэ өз кезегінде құрғақшылыққа қарсы күрес жұмыстары оң нәтиже бергенін хабарлады.

Бұған дейін Румыния әскери күштері Дунай өзеніндегі жартасты жарып, Чернаводэ атом электр станциясына келетін су ағынын көбейтуге тырысты. Мұндай шешім өзен суының күрт тайыздануынан кейін қабылданды. Су деңгейінің төмендеуі станциядағы энергоблоктардың бірінің тұрақты жұмысына қауіп төндірген.

Еске салайық, Дунай өзеніндегі су тартылғанына байланысты Мажарстандағы жалғыз атом станциясы жұмысын тоқтатты

Осыған дейін Ұлыбританияда аптап ыстық салдарынан азық-түлік тапшылығы туындауы мүмкін екенін жаздық.

Сербия мен Хорватияда аптап ыстықтың жаңа толқыны басталды

4 тамызда Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды