Румынияның Конституциялық сотына 4 мамырдағы сайлау қорытындысын жою туралы өтініш жіберілді

АСТАНА. KAZINFORM – «Жаңа Румыния» партиясынан президенттікке бұрынғы кандидат Себастьян Попеску елдің Конституциялық сотына сайлаушыларға әлеуметтік желіде «ықпал ету акцияларына» байланысты 4 мамырдағы сайлау қорытындыларын жоққа шығару туралы өтініш берді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Сайлау
Фото: AP Photo / Vadim Ghirda

— 2025 жылғы 4 мамырда президентті сайлау науқаны кезінде Румыниядағы TikTok пайдаланушыларына тек Никушор Дан (Бухарест мэрі) мен Джордже Симионды (Румындарды біріктіру ұлтшылдық альянсының көшбасшысы) кандидатураларын насихаттайтын қайталанатын және күдікті пікірлер жіберу арқылы сайлаушыларға ықпал ету үшін үйлестірілген науқан жүргізілді, — деп мәлімдеді саясаткер Hotnews порталына.

Ол манипуляциялық сипаттағы «қайталанатын хабарламалар арқылы» сайлаушылар кімге дауыс бере алатыны туралы «жалған әсерде қалғанын» қосып өтті. Попеску сондай-ақ баспасөзді «тек „тиісті“ бес кандидат немесе олардың өкілдері» қатысқан «сайлау алдындағы пікірталас арқылы заңсыз сайлауалды үгіт тәжірибесін» қолданды деп айыптады.

Президенттікке бұрынғы кандидат жаңалық бағдарламалары «басқа алтауын елемей, тек бес кандидатқа арналғанын» атап өтті.

Конституциялық сот шағымды осы аптада қарайтыны атап өтілді, бірақ нақты күні белгісіз.

Соңғы жаңалықтар