Румынияда «Абайлаңыздар: мас жүргінші» деген жаңа жол белгісі пайда болды
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Румынияның батысындағы шағын қалалардың бірінің өкіметі жолдарға «Абайлаңыздар: мас жүргінші» деген ерекше белгі орнатуға мәжбүр болып отыр.
Қала мэрінің айтуынша, бұл шешімді қабылдауға, бұл ауданда мас жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуі себеп болып отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
«Біздің қаламызда жол бойында орналасқан ойын-сауық орындары көп, сондықтан да біз қаламызға қыдырып келген жүргізушілерді осы жайлы ескертуге мәжбүрміз», дейді шенеунік.