Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Rune Eaters Dota 2 турнирінде қола жүлде үшін алғашқы матчта жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Болашақ ойындары аясында өтіп жатқан Dota 2 турнирінде қазақстандық Rune Eaters командасы қола жүлде үшін серияның алғашқы картасында Қытайдың Team Resilience командасына есе жіберді. 

Rune Eaters Dota 2 турнирінде қола жүлде үшін алғашқы матчта жеңіліп қалды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Кездесудің алғашқы картасы 34 минутқа созылды. Матч барысында қытайлық команда біртіндеп басымдыққа ие болып, сериядағы есепті өз пайдасына ашты.

Rune Eaters Dota 2 турнирінде қола жүлде үшін алғашқы матчта жеңіліп қалды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Командалар ойын алдындағы кейіпкерлерді таңдауда әртүрлі тактика ұстанды. Team Resilience ойынның соңына қарай күшейетін кейіпкерлерді таңдаса, Rune Eaters матчтың басынан бастап қарсыласына қысым жасап, ойынды ертерек өз пайдасына шешуге тырысты.

Қазақстандық топ матч бойы күресті тоқтатпай, бірнеше сәтті шабуыл ұйымдастыруға тырысты. Алайда уақыт өткен сайын қытайлық команда өз құрамының әлеуетін тиімді пайдаланып, басымдықты ұлғайтты. Нәтижесінде алғашқы карта Team Resilience пайдасына аяқталды.

Rune Eaters Dota 2 турнирінде қола жүлде үшін алғашқы матчта жеңіліп қалды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Дегенмен Rune Eaters үшін турнир әлі аяқталған жоқ. Алда серияның келесі картасы өтеді. Егер қазақстандық команда жеңіске жетсе, шешуші картада қола жүлде үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, бұған дейін, Rune Eaters ширек финалда бақ сынайтынын жазған едік.