Руслан Дәленов алдағы 3 жылдағы ЖІӨ болжамын жариялады
«Қазақстан-2050» Стратегиясының ұзақ мерзімді мақсаттарын ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары келесідей болады: ынталандырушы макроэкономикалық саясат және қаржы нарығының дамуы; салаларының бәсекеге қабілеттілігі және экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуі; инвестициялық және бизнес ахуалды одан әрі жақсарту; сапалы адами капитал; теңгерімді өңірлік даму; тиімді мемлекеттік сектор; белсенді сауда саясаты және экспортты ілгерілету«, - деді министр.
Оның айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған үшжылдық бюджетті қалыптастыру кезінде келесі болжамды параметрлер қолданылды. Біріншіден, жалпы ішкі өнімнің 2021 жылы 2,8, 2022 жылы 3,7 және 2023 жылы 4,6 пайызға нақты өседі. Екіншіден, 2021-2022 жылдары инфляция 4-6, 2023 жылы 4-5 пайызды құрайды.
»Үшіншіден, мұнай өндіру көлемінің 2021 жылы 86 млн тонна, 2022 жылы 89,6 млн тонна және 2023 жылы 100,8 млн тонна деңгейінде болады. Консервативті тәсілді ескере отырып, 2021-2023 жылдары мұнай бағасының бір барреліне 35 доллар деңгейінде алынды«, - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, аталған макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде бюджет параметрлерінің болжамы қалыптасты.
»Республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2021 жылы 6 926 млрд теңгені, 2022 жылы – 8 566 млрд теңгені, 2023 жылы – 9 217 млрд теңгені құрайды«, - деді Руслан Дәленов.