Руслан Исраилов Қазақстан қоржынына Азиаданың бесінші алтынын салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын түсті. Джиу-джитсудан 77 келіде ел намысын қорғаған Руслан Исраилов Азиада чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап. 

Руслан Исраилов Қазақстан қоржынына Азиаданың бесінші алтынын салды

Руслан финалдық сында қырғызстандық Нұрсұлтан Әлімқұловты жеңді.

Бұл джиу-джитсу шеберлері жеңіп алған екінші алтын. Кеше Дархан Нортаев чемпиондық атақты иеленген еді. 

Сондай-ақ, 85 келідегі А. Гаврюлок қола медаль үшін күресте қырғыз спортшысын жеңді.