Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогінің жартылай финалына шықты

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Қазақстандық Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Бұл күндері Парижде (Франция) семсерлесуден әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан спортшысы Руслан Құрбанов жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салды. Ширек финалда оның қарсыласы Мысыр спортшысы Мохаммад Эльсаед болды. Екеуара кездесу 15:14 есебімен аяқталып, жартылай финалға шықты.
Финал үшін бәсекеде Руслан Құрбанов франциялық Александра Барденетпен кездеседі.
Айта кетерлігі, әлем кубогі 17 сәуірге дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар