Рзабек Меңдіқұлов Шымкент энергетика басқармасының басшысы болып тағайындалды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы лауазымына Рзабек Балтабекұлы Меңдіқұлов тағайындалды. 

 Рзабек Меңдіқұлов
Фото: Шымкент әкімдігі

Рзабек Балтабекұлы 1988 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген.

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — химиялық технология мен биотехнология.

2011-2014 жылдары Мәскеу қаласындағы мұнай компанияларында жауапты қызметтер атқарған.

Энергетика министрлігінде басқарма басшысы, Президент Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты, мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

Ал 2023 жылдың 14 қарашасынан бүгінге дейін «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры қызметін атқарып келді. 

Соңғы жаңалықтар