С.Ахметов: Астана «болашақтың қаласы» тұжырымдамасы бойынша дами береді

Бүгін Астанадағы VI Экономикалық форум аясында өтіп жатқан «Астана Инвест-2013» ІV Халықаралық инвестициялық форумы барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай мәлім етті.
Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан Астанасының дамуы агломерациялық дамудың перспективалық аймағы ретінде қарастырылады. Сондықтан да, елордаға келешекте өнеркәсіпті Қарағанды мен Шортанды демалыс аймағы тартылмақ.
«Жалпы, астаналық агломерация білім беру, денсаулық, туризм, инновация және басқа да салалар бойынша бәсекеге қабілетті өнім мен қызметтің халықаралық орталығы болудың айтарлықтай әлеуетіне ие. Осыған орай, елордаға заманауи технологиялар қажет және олар ең алдымен энергия үнемдеу, «жасыл экономиканы» дамыту және заманауи шешімдердің трансферт технологиясына негізделуі шарт», - деді Серік Ахметов.