С. Ахметов Батыс Алматы автожолы жобасын мақұлдады

АЛМАТЫ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Алматы облысындағы жұмыс сапары кезінде Батыс Алматы автожолы жобасын мақұлдады.

С. Ахметов Батыс Алматы автожолы жобасын мақұлдады

«Бұл жолдың біз үшін маңызы өте зор. Қазір Алматыда транзитік жүк тасымалы қиындады. Өйткені Қорғас-Алматы темір жолының іске қосылуына байланысты жүк тасымалының көлемі ұлғайды. Сондықтан 2014 жылы 74,9 шақырымды консенсустық автожолдың жобалық-сметалық жобасы жасалып, 1-тоқсанда құрылыс жұмыстары басталады. 2017 жылы ол іске қосылған кезде 15 млн. тоннадан астам жүк тасымалдау жоспарлануда», - дейді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бас менеджері Әли Қарабалин. Оның айтуынша, Батыс Алматы автожолы іске қосылған кезде Жетіген-Қорғас пен Достық торабы бойынша тасымалданатын жүктің көлемі 17-18 млн тоннаны құрайтын болады.