18:43, 06 Қараша 2013 | GMT +5
С.Ахметов Өңірлік даму министрлігі мен Қаржы министрлігі ұжымдарына жаңа басшыларын таныстырды
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің басшысы Серік Ахметов Өңірлік даму министрлігі мен Қаржы министрлігі ұжымдарына жаңа басшыларын таныстырды.

Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, бүгін Елбасы Жарлықтарымен Бақыт Сұлтанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі, Болат Жәмішев - ҚР Өңірлік даму министрі қызметтеріне тағайындалды.
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов министрліктер ұжымдарына жаңа басшыларын таныстырды. Үкімет басшысы Б.Сұлтанов пен Б.Жәмішевті жаңа қызметтерімен құттықтап, министрліктер алдында тұрған басымдықты міндеттерді белгіледі.