С. Ахметов және өзге де айыпталушылар тағылған айыппен келіспей отыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Экс-премьер министр Серік Ахметов, Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев және сыбайлас жемқорлық ісінде айыпталып жатқан өзге тұлғалар тағылған айыптарды мойындамады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
None
None

«Маған тағылған айыптарды толық мойындамаймын, бүгін және кеше айтылған айыптардың барлығы ойдан шығарылған және фактілерге негізделмеген. Мен және қорғаушыларым сотқа тиісті дәйектемелерді көрсетеміз. Сот үрдісі әділ, объективті түрде өтетініне сенімдімін», - деді сотқа С.Ахметов.

Б. Әбдішев те тағылған айыптарға келіспей отыр. «Маған тағылған айыпқа назар аудартқым келеді. Маған «Еуростандарт» бойынша 7,6 млн. теңге көлемінде материалдық шығын келтірді деп айыптауда. Бұл термин Қылмыстық емес, Азаматтық кодексте пайдаланылады», - деді айыпталушы.

Ол сонымен қатар ҚР ҚК 307 бабы 4 бөліміне сәйкес тағылған айыпқа қатысты мәлімдеме жасады. «ҚР ҚК 307 бабы 4 бөліміне сәйкес халық алдында мемлекеттік биліктің беделін түсіру кінәсы тағылды. Алайда мұндай терминология не Қылмыстық, не Азаматтық кодексте жоқ», - деді Б.Әбдішев.

Ол сотты әділдікке шақырды. «Тағылған айыптармен толық келіспеймін. Менің басқарушы ретіндегі шешімдерім бүгін қылмыс сияқты беріліп отыр. Осыған назар аударуларыңызды сұраймын», - деп түйді Б. Әбдішев.

Сот үрдісіне қатысқан өзге айыпталушылар да келіспеушіліктерін білдірді.

Сот істі қарауға кірісті. Алғашқы болып жапа шегушілер мәлімдеме жасайды, кейін куәгерлерге сауалдар қойылады. Соңынан қылмыстық істің видеоматериалдары қаралып, айыпталушыларға сұрақтар қойылады.

Соңғы жаңалықтар