С. Дьяченконың жетекшілігімен Аппарат жұмысының қорытындысы сараланды - Мәжіліс

None
None
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының аяқталуына орай Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен Аппарат қызметкерлеріне арналған оқуы болып өтті.

Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шара Аппарат жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспарларын белгілеуге арналды.

«Палатаның заң жобаларымен жұмысындағы Парламент Мәжілісі Аппаратының рөлі мен орны» деген тақырыпта өткен басқосудабесінші шақырылымның бірінші сессиясының қорытындылары туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары Әлия Қадырбаева баяндама жасап, өткен кезең ішіндегі жұмыстарға тоқталды.

Палатадағы салалық комитеттердің және жұмыс топтарының заң жобаларымен жұмыс жүргізудегі қызметін ұйымдастыру туралыМәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Аманбек Рамазанов баяндап берді.

Заң жобаларының құқықтық сараптамасының маңызы туралы айтқан Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Мархабат Қосабаева бірінші сессия барысындағы Палатаның іс-тәжірибелеріне тоқталып өтті.

Келіп түскен заң жобаларының тіркеуге алынғанға дейінгі тексерудің ерекшеліктері жөнінде Құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Қалманбетова, сондай-ақ Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлы баяндап берді.

Бұдан кейін ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы Ерғали Егемберді алдағы жұмыстар туралы өз пікірін ортаға салды.

Аппарат оқуын ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары С.Дьяченко қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар
telegram