С.Нұртаев Қазақстанның Италиядағы Елшісі қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

С.Нұртаев Қазақстанның Италиядағы Елшісі қызметіне тағайындалды

Ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.