S&P Қазақстандағы дағдарысқа қарсы бағдарламаларды оң бағалауда

АЛМАТЫ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат – Standard & Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстандағы дағдарысқа қарсы бағдарламаларды оң бағалауда,

S&P Қазақстандағы дағдарысқа қарсы бағдарламаларды оң бағалауда
деп хабарлайды ҚазАқпарат Интерфакс-Қазақстан сайтына сілтеме жасап.«Қазақстанның тәуелсіз рейтингі осы уақытқа дейін инвестициялық санатта қалып отыр, ол белең алып отырған әлемдік дағдарыс жағдайында оған пара-пар жауап қайтарған іс-шараларды айғақтайды», ? деді S&P Париждегі кеңсесі қаржы институттары рейтингтік топтары директорының орынбасары Екатерина Трофимова «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне.Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанның валюталық резервтері айтарлықтай жоғары, фискальдық және бюджеттік ұстанымдары орнықты, ІЖӨ өсе түсуде, «көптеген елдер толық көлемді дағдарысқа еніп отырғанда, мұндай жағдай әлемде сирек кездеседі».«Қазақстанның дағдарысқа қарсы қолданған және қолданып отырған жоспарлары әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді», ? деп атап айтты ол.Сонымен қатар, S&P сарапшысының айтуынша, Қазақстандағы көптеген қаржылық ұйымдар рейтингінің ықтимал төмендеуі айтарлықтай жоғары емес. Қаңтардың 16-сында Standard & Poor's Қазақстанның ұзақ мерзімді тәуелсіз несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде қуаттады.Рейтинг бойынша болжам «оң» күйінде қалып отыр.Сонымен қатар, шетелдік және ұлттық валютадағы жағдай бойынша Қазақстанның қысқа мерзімді тәуелсіз несиелік рейтингі «А-3» деңгейінде қуатталды.