13:14, 24 Маусым 2016 | GMT +5
S&P Ұлыбританияның несиелік рейтингін төмендетпек
БРЮССЕЛЬ. ҚАЗАҚПАРАТ - S&P рейтингтік агенттігі Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуына байланысты орын алатын саяси, қаржылық және экономикалық қауіп-қатерлер жақын арада елдің несиелік рейтингін төмендетеді деп болжайды.

Financial Times газеті тілге тиек еткен мұндай пікірді S&P халықаралық рейтингтік агенттігінің егемен рейтингтер қызметінің бастығы Мориц Кремер білдірді.
«Біздің ойымызша, мұндай жағдайда ААА-рейтингі дәрменсіз», - деді Кремер.
Moody's және Fitch сияқты басқа рейтингтік агенттіктердің 2013 жылдың басында Ұлыбританияның егемен рейтингін төмендеткендігін еске саламыз.